A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың 26 қазан күні балабақша педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру» тақырыбында аймақтық оқыту семинарын өткізді. Аталған шара Талғар қаласы «Айгөлек» балабақшасы базасында ұйымдастырылды. Семинар барысында педагогтармен «Мектепке дейінгі ұйымдарда жылдық жұмыс жоспар құрудағы ерекшеліктер», «Балабақшада тәрбиешінің күн тәртібін тиімді ұйымдастыру  жолдары» тақырыптарында іскерлік ойындар жүргізілді. Оқыту семинарына 50 педагог қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка