Алматы облысының жас педагогтар слеті
Педагогтардың мәртебесін арттыру, жас мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың педагогикалық қарым-қатынас кеңістігін кеңейту мақсатында 2018 жылғы 2 қарашасында Алматы облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы №28 IT-лицей-мектебінде жас педагогтар слеті өтті. Таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған шараға өңіріміздің барлық аудандары мен облыс орталығынан 200-ден астам жас педагог қатысты.