Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді оқытуда білім сапасын көтерудің тиімді әдістері
Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру бағытында жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1 қарашасында Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын экономика бизнес лицей базасында химия, биология, информатика пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Жаратылыстану - математика бағытындағы пәндерді оқытуда білім сапасын көтерудің тиімді әдістері» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнге 42 педагог қатысты.