Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіндегі физика-математика пәнін оқытудың білім сапасын жетілдіру
Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыру бағытында жүргізілетін жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 2 қарашасында Талдықорған қаласындағы үш тілде оқытатын №20 дарынды балаларға арналған арнаулы лицей базасында физика, математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісіндегі физика-математика пәнін оқытудың білім сапасын жетілдіру» тақырыбында ашық есік күні өтті. Ашық есік күнге 47 педагог қатысты.