A - Размер шрифта A +

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқыту қызметінің жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес инновациялық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану

2018 жылдың 2 қарашасында Алматы облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының  қауымдастығы (КАДО)  және «Жаңа  Жетісу Білімі» оқу орталығы жекеменшік балабақша тәрбиешілермен әдіскерлерге арналған «Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқыту қызметінің жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес инновациялық технологиялар мен әдістемелерді пайдалану»тақырыбында семинар тренинг өтті.  Талғар ауданы «Дана» жекеменшік мектебі базасында өткен шарада ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері көрсетіліп, инновациялық технологиялар бойынша шебер-класстар көрсетілді. Аталған шараға Алматы облысы білім басқармасы, облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мамандары қатысты. Семинар жұмысына      98 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка