Қазақ тіліне бойлау жобасы тәжірибесімен танысу
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы «Білім беру бағдарламалары орталығы» қазақ тіліне бойлау іс-тәжірибесін еліміздің мектепке дейінгі мекемелеріне трансляциялау мақсатындаТалдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында2018 жылдың 7-9 қараша аралығында «Қазақ тіліне бойлау жобасы тәжірибесімен танысу» тақырыбында семинар жұмысын бастады. Аталған шараға Алматы облысының мектепке дейінгі ұйымдарының 53 педагогы қамтылды.