A - Размер шрифта A +

Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды және Arduino платасын қолдану ерекшеліктері

Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы Мынбаев атындағы орта мектеп  базасында облыстық білім беру мекемелері, жалпы білім беру ұйымдарының робототехника элективті курсын жүргізетін пән мұғалімдеріне арналған «Робототехника элективті курсында виртуалды конструкторды және Arduino платасын қолдану ерекшеліктері» атты аймақтық оқыту семинары өтті. Пән мұғалімдеріне интернет желісі арқылы Робототехника элективті курсы бойынша виртуалды конструктор мен Arduino ортасымен  жұмыс жасауда әдістемелік көмек көрсетілді. Семинардың тәжірибелік алаңында «Роботтар әлемі»  көрмесі қойылып, LEGO Digital Designer, Virtual brick, Виртуалды Arduino конструкторымен жұмыстар жүргізілді. Семинарға 35 педагог қатысты.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка