Жас келсе – іске
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі жас ұстаздарды шеберлікке, іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу, анықтау, қолдау және мадақтау мақсатында 2018 жыл 8 қарашада Талдықорған қаласы «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас мамандары арасында «Жас келсе, іске»атты облыстық байқауы өткізілді. 25 жас маман шеберліктерін 2 кезең бойынша сынға салды. Жас мамандардың еңбектерін «Өрлеу» БАҰО, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, аумақтық кәсіподақ ұйымының, облыстық жастар саясатының және облыстық білім беруді дамыту және оқу-әдістемелік орталығының мамандары шынайы бағалады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың жүлдегерлері анықталынды.
Бас жүлде – Кеңесбай Елжас Талғатұлы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Талдықорған қаласы
І орын – Жеткізгенқызы Гүлсая, Алматы экономикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Алматы қаласы
ІІ орын – Оразалиева Толғанай Нурланбекқызы, «Білім» гуманитарлы-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Талдықорған қаласы
ІІ орын – Қасымбай Балауса Тлеубердіқызы, Талғар медициналық колледжінің жалпы кәсіптік пән оқытушысы, Талғар қаласы
ІІІ орын – Кабдуллина Айнур Актилековна, Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері, Алматы қаласы
ІІІ орын – Борамбаева Балауса Максатовна, Алакөл гуманитарлық-техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Үшарал қаласы
ІІІ орын – Оразалинова Гүлзат Рахышовна, Текелі кәсіптік колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, Текелі қаласы
«Шығармашыл ұстаз» номинациясы – Тулепбергенова Жанар Сагынбаевна, Көксу ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Жастар ауылы
«Жаңашыл ұстаз» номинациясы– Қайпбек Азиза Қайырқызы, Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Бақанас ауылы
«Көрермен көзайымы» номинациясы– Ахметжан Айнұр Жәрдембергенқызы, Сарқан гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Сарқан қаласы.
Сондай-ақ, 15 қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.