A - Размер шрифта A +

Әдістемелік көмек

       Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылдың   15-16 қарашасында Панфилов, Ұйғыр аудандарында сабақты жоспарлау мен оқыту үрдісінде саралау, бағалау, кері байланысты тиімді жүзеге асыруда химия, биология, математика, физика, география, информатика пәндері мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру жұмыстарын ұйымдастырды.

Оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері сабақтарға қатысып пән мұғалімдерімен кәсіби сұхбат жүргізді. Жаңартылған бағдарлама бойынша «Жаратылыстану» мен «География» пәндері бойынша облыс тренері (Панфилов ауданы Б.Назым атындағы орта мектеп мұғалімі) С.Шавдунова «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында тиімді жоспарлау» тақырыбында шебер-класс өткізді. Әдістемелік көмек беру жұмысы «Жаңаша үрдіс – жаңа талап» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасты.

Аталған іс-шараға109 пән мұғалімдері қатысты.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка