Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы
2018 жылдың 16 қарашасында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Алакөл ауданы М.Толебаев атындағы орта мектебінің базасында «Білім сапасын арттыруда сабақты зерттеудің маңызы» тақырыбында жалпы орта білім беру ұйымдары директорларына арналған семинар-практикум өтті. Семинар барысында мектеп басшылары «Lesson Study» үдерісі арқылы оқытуды жетілдіру аясында тәжірбие алмасты. Семинарға Алакөл, Ақсу, Сарқан аудандарынан 46 мектеп басшысы қатысты.