Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және нәтиже
2018 жылдың 16 қарашасында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығыныңұйымдастыруымен Көксу ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп базасында «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және нәтиже» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға жаңа жүйе бағдарламасы бойынша 60-тан астам сертификатталған мұғалімдер мен жаңартылған бағдарлама бойынша мектеп, облыс тренерлері қатысып өз тәжірибелерін ортаға салды.