A - Размер шрифта A +

Мектептің жұмысын жоспарлау

Аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлеріне арналған «Мектептің жұмысын жоспарлау» тақырыбында облыстық оқыту семинары.

 «Алматы облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» Талдықорған қаласындағы «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы филиалымен қызметтестік жұмыс жоспары негізінде 2018 жылдың 26-27 қарашасында Капшағай қаласындағы орта мектеп-гимназиясы, Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 орта мектебі базаларында аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлеріне «Мектептің жұмысын жоспарлау» атты оқыту семинарын өткізді. Оқыту-семинарға Қапшағай қаласы, Кербұлақ, Балқаш, Іле, Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығындағы барлық әдіскерлер қатысты. Оқыту-семинар барысында аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері білім беру ұйымдарының педагогтарына қандай әдістемелік көмек беру, қысқа мерзімді жоспарды құру кезінде кездесетін мәселелердің тиімді жолдарын ұсынып, шешу мәселелерін талқылады.


© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка