A - Размер шрифта A +

Педагогикалық дебют

Жас мамандардың педагогикалық дебюті

Жас ұстаздардың біліктілігі мен кәсіби іскерлігін шыңдау және әдістемелік қолдау кқрсету мақсатында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2018 жылы 29 қарашасында Талдықорған қаласы №12 орта  мектеп базасында облыстық «Педагогикалық дебют» байқауын өткізді. Байқауға 20 жас маман қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша: Бас жүлде – М.Мұхаметқалиева, Қаратал ауданы І.Есенберлин атындағы ОМ МДШО қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі. 1 орын – Т.Әділбек, Алакөл ауданы Үшарал қаласы №1 ОМ биология пәнінің мұғалімі.  2 орын – І.Рахманова, Сарқан ауданы №1 МГ биология пәнінің мұғалімі, Қ.Жомарт, Көксу ауданы Мұқаншы ОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 3 орын – А.Асанбай, Балқаш ауданы Ақдала ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі, Б.Даулешяр, Жамбыл ауданы Ә.Бейсеуов атындағы ОМ физика пәнінң мұғалімі, Қ.Салимжанов, Іле ауданы  Чапаев ауылы №45  ОМ тарих пәнінің мұғалімі, Б.Султанмуратов, Еңбекшіқазақ ауданы А.Жексембеков атындағы қазақ ОМ математика пәнінің мұғалімі. Номинациялар иегерлері: «Креативті ұстаз» - Г.Нугманова, Талдықорған қаласы М.Жұмабаев атындағы №9 ОМГ МДШО, «Шығармашыл ұстаз» - Б.Алыбекова, Қапшағай қаласы №2 ОМ география пәнінің мұғалімі, «Жаңашыл ұстаз» - К.Ибраимов, Текелі қаласы №1 ОМ МДШО қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі,  «Ізденімпаз ұстаз» - А.Темірхан, Кеген ауданы Ө.Жаңабаев атындағы ОМ бастауыш сынып мұғалімі.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка