A - Размер шрифта A +

Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі ұйымдарда жаңартылған білім беру мазмұны аясында тәрбие мен оқыту үдерісін әдістемелік тұрғыда қамсыздандыру және шығармашылықпен жұмыс істейтін кәсіби білікті педагогтарды анықтау, қолдау мақсатында 2018 жылдың 27 қарашасында «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» облыстық байқауын өткізді. Байқауға 16 әдіскер қатысты.

Қазылар алқасы шешімі негізінде: І орын - З.Леонова, Текелі қаласы №3 балабақша әдіскері,ІІ орын – А.Туякбаева, Қаратал ауданы №25 балабақша әдіскері ІІ орын - Г.Назарбаева, Талдықорған қаласы №14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасы әдіскері, ІІІ орын – А.Абдульдинова Сарқан ауданы «Балдаурен» балабақша әдіскері, ІІІ орын - Г.Бакбер Жамбыл ауданы «Бәйтерек» балабақша әдіскері. Номинация иегерлері: «Шығармашыл әдіскер» - А.Жайлауова, Іле ауданы «Әдемі» балабақша әдіскері, «Шебер әдіскер» - А.Алимпияева, Ұйғыр ауданы «Аяла» балабақша әдіскері.

 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка