A - Размер шрифта A +

Аймақтық оқыту семинары

2018 жылдың 26 қарашасында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Кербұлақ ауданы «Ай-сана» балабақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарында күннің екінші жартысын ұйымдастырудың маңыздылығы» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті.

Семинар барысында мектепке  дейінгі ұйымдарда үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлімін жүзеге асыру мәселелері талқыланып әдістемелік көмек көрсетілді. Аталған шараға Қапшағай, Текелі қаласы, Қаратал, Көксу, Ескелді, Кербұлақ аудандарынан 85 педагог қатысты.  

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка