5-7 сыныптарда «Өлкетану» интеграциялық курсын оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбындағы семинар
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 27-29 қараша аралығында облыс аймақтарында тарих, қазақ әдебиеті, география және музыка пәні мұғалімдеріне арналған «Өлкетану» интеграциялық курсын оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану. Алматы облысы» оқулығының авторлары оқулықтың ерекшеліктерін атап, таныстырылым жасады. Сонымен қатар педагогтарға күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауда «Өлкетану» курсын кіріктіру бойынша әдістемелік көмек беріліп, ашық сабақтар жүргізілді. Семинарға 230-дан астам педагог қамтылды.