A - Размер шрифта A +

Биология пәнін оқытудағы ерекшеліктер

        2018 жылдың 4 желтоқсанында Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында «Алматы облысының білім басқармасы» ММ облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспары негізінде «Биология пәнін оқытудағы ерекшеліктер» тақырыбында он-лайн режимінде семинар өткізілді. Семинар барысында биология пәнінен олимпиада тапсырмаларын орындау жолдарын ұсынуда Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған лицейінің биология пәні мұғалімі Муталив Дәулен және білім мазмұнын жаңарту аясында биология пәнінен жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру және бағалау тапсырмаларының спецификациясы бойынша Талдықорған қаласындағы Н.Островский атындағы №8 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Айдабаева Динара Аюханқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, биология пәнін оқытуда пәндік-тілдік кіріктірудегі (CLIL) Джомартова Сауле Абдразаковнаның  (Жамбыл ауданы Қарғалы №3 ОМ-нің биология пәні мұғалімі) тәжірибесі насихатталды.Аталған семинарға 113 мектеп қосылды.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка