Білім сапасын арттыруда IT-технологияларының тиімділігі
Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Іле ауданы, Боралдай кенті №40 орта мектеп базасында ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында жалпы орта білім беретін ұйымдарындағы информатика, физика, биология, музыка, ағылышын тілі, орыс тілі пәндері және бастауыш сынып мұғалімдеріне білім сапасын арттыруда IT-технологияларының тиімділігі мен IT-технологиялармен жұмыс жасауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Білім сапасын арттыруда IT-технологияларының тиімділігі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өткізілді. Семинардың тәжірибелік алаңында мұғалімдер IT-технологияларды тиімді қолданудың ерекшеліктерімен, пән мен тілді кіріктіріп оқытуда мультимедиялық құралдарды тиімді қолдану және BilimLand ресурстарының мүмкіндіктерімен танысты. Аталған шараға 68 педагог қатысты.