Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда инновациялық технологиялардың тиімділігі
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылыдың 05 желтоқсанында Ұйғыр ауданы,№1 Шонжы орта мектеп базасында «Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда инновациялық технологиялардың тиімділігі» тақырыбында әдістемелік десант өтті. Мақсаты- жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруда мұғалімдердің инновациялық әлеуетін дамыту. Жалпы орта білім беру мекемелерінің бастауыш сынып пән мұғалімдерінің қатысуымен дискуссиялық алаң, ашық сабақтар жүргізілді. Аталған шараға 45 педагог қатысты.