"Жігер " облыстық шығармашылық тобының отырысы
30 қарашада жас педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Іле ауданы, Екпінді ауылы №48 орта мектебінде "Жігер" шығармашылық тобының "Заманауи әдістерді қолданудың тиімділігі" атты көшпелі отырысын ұйымдастырды. Отырыс бағдарламасы бойынша шеберлік сыныптар, тренингтер, ықшам сабақтар, коучингтер өтті. Іс-шараға Іле, Қарасай, Балқаш, Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандары, Текелі және Қапшағай қалаларынан 64 жас педагог қатысты.