A - Размер шрифта A +

Химия, биология пәндерін оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі

        2018 жылы 7 желтоқсанда Алматы облысы білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен химия, биология пәндерін оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді кәсіби тұрғыда пайдалану мүмкіндіктерін көрсету, пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау мақсатында "Химия, биология пәндерін оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі" тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында үлгілі сабақтар көрсетіліп және ықшам сабақтар алаңында  пән мұғалімдері  өз тәжірибелерін ортаға салды. Талғар ауданы мұғалімі Ш.Куанганова сабақ үрдісінде қолданып жүрген интербелсенді әдістердің тәжірибедегі нәтижесі туралы өз әріптестеріне презентациясын ұсынды. Сонымен қатар, облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Г.Иманхатова интербелсенді оқу/оқытудағы әдіс-тәсілдер бойынша мұғалімдермен коучинг өткізді. Семинар соңында Қапшағай қаласы бойынша орталықтың әдіскері Н.Қимадиев кері байланыс жасады. Семинарға Қапшағай қаласы, Жамбыл, Қарасай, Балқаш, Іле, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарынан 55 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка