Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың жолдары
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 07 желтоқсанында Талдықорған қаласы, №13 орта мектебі (арнаулы сыныптарымен) базасында «Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды ұйымдастырудың жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың, түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтары шебер-сыныптар арқылы өзара тәжірибе алмасты. Аталған шараға 60 педагог-психолог қатысты.