Педагогикалық тандем
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 14 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы №4 мектеп базасында мектептегі тәлімгерлік үдерісті жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас мамандарды анықтау мақсатында облыстық «Педагогикалық тандем» атты әдістемелік жәрмеңке өтті. Аталған іс-шараға облыстан жалпы орта білім беру ұйымдарының жас мамандары өз тәлімгерлерімен қатысып, ықшам сабақ, шебер-класс, шағын тренинг және ортақ жұмыс жүйесінің таныстырылымы бойынша өз тәжірибелерін ортаға салды. Әдістемелік жәрмеңке ұжымдық бағалау арқылы қорытындыланып, жеңімпаздар арнайы номинациялармен марапатталды. Жалпы 50 педагог қатысты.