A - Размер шрифта A +

Білім сапасын арттырудағы мектеп тәжірибесі

2019 жылдың 4 қаңтарында Алматы облысы Жамбыл ауданы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Қарғалы №2 арнаулы гимназиясында «Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» әдіскерлерімен бірлескен «Білім сапасын арттырудағы мектеп тәжірибесі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Іс-шара мақсаты: білім сапасын арттыруда заманауи әдістерді қолдану бойынша тәжірибе алмасу. Іс-шараға Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар аудандары және  Қапшағай қаласының жаратылыстану-математикалық цикл пәні және қоғамдық-гуманитарлық цикл пәндері бойынша 50-ден астам мұғалім қатысты. 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка