Жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында іскерлік ойын
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 11 қаңтарда Талдықорған қаласы, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерді бейімдеу орталығы базасында ««Жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында іскерлік ойын өткізілді. Оқушыларды оқытудың, түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен педагогтар өзара тәжірибе алмасты. Аталған шараға орталықтың 14 педагогы қатысты.