Ерекше қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамытуда арттерапияның маңызы» тақырыбында әдістемелік күн
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы «Сәтті қадам» жобасы аясында 2019 жылдың 15 қаңтарында Талдықорған қаласы, №13 орта мектеп базасында «Ерекше қажеттілігі бар оқушыларды түзете-дамытуда арттерапияның маңызы» тақырыбында әдістемелік күн өткізді. Оқушыларды оқытудың, түзете-дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен педагогтар өзара тәжірибе алмасты. Аталған шараға №13 орта мектебінің 15 педагогы қатысты.