Әлеуметтік серіктестік - сапалы білім кепілі
2019 жылы 17 қаңтарда облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жаңа талаптың - жаңа біліктілігі» жобасын іске асыруда ҚР БҒМ 2018 жылғы 26 маусымдағы №305 бұйрығының негізінде экспериментке енгізілген колледждердің инженер-педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Әлеуметтік серіктестік - сапалы білім кепілі» атты дөңгелек үстел жүргізді.
Іс-шараға білім басқармасының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің мамандары арнайы шақырылып, қолданбалы бакалавриат негізінде оқытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстелге 25 инженер-педагог қатысып, 2 колледж тәжірибе бөлісті.