A - Размер шрифта A +

Жалындаған жастар –еліміздің ертеңі

Облыстық «Жігер» жас мамандар тобының жоспары негізінде  Еңбекшіқазақ ауданы Рахат №1 орта мектебінде «Жалындаған жастар –еліміздің ертеңі» тақырыбында семинар-практикум  өтті. Семинарға 200-ге жуық  жас мамандар Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай, Іле, Панфилов аудандарының жас мамандары қатысты.Облыстық білім дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскері А.Торпақова, Еңбекшіқазақ аудандық оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскері А.Тортаева,    әдіскер  А.Бухарова, Еңбекшіқазақ аудандық жастар ресурстық орталық жетекшісі А.Ілебаевтың қатысуымен өтті. Семинар барысында тәжірибе алмасу алаңы, шеберлік сынып, «Неге солай?» бағдарламалық алаң, «Каhoot» «QR», «Bekronim  кіріктірілген жұмыс жүйесі проектісі, үйірме жұмыстарына саяхат, «Алтын Адам» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне саяхат өткізілді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка