A - Размер шрифта A +

Ағылшын тілін оқытуда пән аралық байланысты жүзеге асыру жолдары

Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылдың 25 қаңтарында Ақсу ауданы  Жансүгіров атындағы орта мектеп базасында  «Ағылшын тілін оқытуда пән аралық байланысты жүзеге асыру жолдары» тақырыбында жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін ағылшын тілінде сабақ жүргізетін пән мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум  ұйымдастырды. Алматы облысы бойынша семинарға 110 мұғалім қатысып, аылшын тілі пән мұғалімдері  ашық сабақтар, коучингтер, шебер сыныптар өткізді. Өткізілген шараларда мұғалімдер белсенді оқыту әдістері, саралау тапсырмалары мен бағалау формаларын жан-жақты қарастыра келе, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс негізінде сабақтарды жоспарлау талқыланып, қаралды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка