A - Размер шрифта A +

Тәжірибе бөлісу алаңы:«Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады?»

Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығыАлматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлескен сабақты зерттеуді жүргізудің  жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26 қаңтарында Іле ауданы,  №39 гимназиясы базасында мектеп басшыларына кәсіби қолдау көрсету мақсатында«Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады?» тақырыбында тәжірибе бөлісу алаңын өткізді. Тәжірибе бөлісу алаңынаАлматы қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Берік Құттыбайұлы Асубаев пен аға менеджер Ғалия Нұрманқызы Толықбаева қатысып,  бірлескен зерттеу тобындағы мектеп басшылары мен орынбасарларыныңмектептегі тәжірибелеріне сабақты зерттеу үдерісі бойынша кері байланыс берді.  Топ мүшелері арасында зерттеудің терең және нәтижелі болуына бағыт-бағдар беріліп,алдағы зерттеу қадамдарының тиімді жүргізілуі айқындалды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка