A - Размер шрифта A +

Ұлы даланың ғажайып өркениеттері атты облыстық ашық алаң

Алматы облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 30 қаңтарында Алматы облысының Жастарға қызмет көрсету орталығы базасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Мен - алтын адам ұрпағымын» жобасын жүзеге асыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ашық алаң өтті.   Алаң жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан  тарихы кафедрасының доценті,  тарих ғылымдарының кандидаты А. Жұмаділ, Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері, докторант Ф. Лебаев, Ә. Марғұлан атындағы археология институты, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты А. Нұржанов, актер, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Ә. Райымбеков, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, «Рухани жаңғыру» ғылыми-білім беру орталығының директоры Н.Байгабатова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, география және экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, г.ғ.к. Е. Тоқпанов, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, филология және журналистика кафедрасының доценті, ф.ғ.к. С. Қожағұлов, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық тарихи мәдени мұра және ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Ғ.Оспанов, М.Тынышбаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Р. Есенбаева, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Д. Шоқпаров, дене тәрбиесі, спорт, алғашқы әскери дайындығы  және қосымша білім берудің  ғылыми-тәжірибелік орталығы, туризм және өлкетануды дамыту бөлімінің жетекшісі Ш. Сейсенбаев және Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының  қызметкерлері мен жалпы орта және техникалық білім беру ұйымдарынан 70 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка