«WorldSkills стандарттары бойынша өңірлік чемпионатты ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері»
2019 жылы 30 қаңтарда облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «WorldSkills - табысқа жету формуласы» жобасының негізінде колледждердің инженер-педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «WorldSkills стандарттары бойынша өңірлік чемпионатты ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» атты семинар-кеңес өткізілді. Іс-шарада «WorldSkills стандарттары бойынша өңірлік чемпионатты ұйымдастырудың өзекті мәселелері талқыланып, «WorldSkillsTaldykorgan-2019» өңірлік чемпионатының компетенциялары, бас эксперттері, чемпионаттың өткізілу тәртібі, жұмыс жоспары бекітілді. Семинар-кеңеске 100 инженер-педагог қатысып, Ұлттық чемпионат талаптарының негізгі шарттары бойынша 7 колледж 7 компетенция арқылы тәжірибе бөлісті.