"Жігер" облыстық жас педагогтардың шығармашылық топ отырысы
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында "Жігер" облыстық жас педагогтардың шығармашылық топ отырысы өткізілді. Отырыс барысында іс-шараларды ұйымдастырудың заманауи тәсілдері бойынша тренингтер өткізіліп, 2019 жылға арналған жас мамандармен жұмыс жоспарын іске асыру жолдары талқыланды. Отырысқа облыстың 38 педагогы қамтылды.