Электромонтаждау жұмыстары
2019 жылы 5 ақпанда облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «WorldSkills - табысқа жету формуласы» жобасының аясында өңірлік чемпионатты ұйымдастырып өткізу мен колледждердің инженер-педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Электромонтаждау жұмыстары» құзіреттілігі бойынша семинар өткізді. Іс-шарада «Электромонтаждау» құзіреттілігінің тапсырмалары кеңінен талқыланып, «WorldSkillsTaldykorgan-2019» өңірлік чемпионатының өткізілу тәртібі, жұмыс жоспары, бас эксперттері, мобильді топ құрамы бекітілді. Семинарға 20 инженер-педагог қатысып, құзіреттілік орталығы болып отырған Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі жұмыс жоспарын таныстырды.