Мектептегі білім сапасын басқару қызметі
Алматы облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 7 ақпанында Талдықорған қаласы №28 IT лицей базасында Білім сапасын арттыруда мектеп басшыларына инновациялық басқару мен мектепшілік бақылауды жоспарлау, тиімді ұйымдастыру, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында «Мектептегі білім сапасын басқару қызметі» тақырыбында шебер - класс өтті. Аталған шараға Текелі, Талдықорған қалалары мен, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының білім бөлімі басшылары, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының аға әдіскерлері мен мектеп директорлары қатыстырылды. Жалпы 115 білім қызметкерлері қамтылды.