ЖМЦ пәндерін оқытуда тілдік мақсаттардың ерекшелігі
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жабыл ауданы «Қарғалы №3 орта мектебі» базасында ағымдағы жылдың 6 ақпан күні «ЖМЦ пәндерін оқытуда тілдік мақсаттардың ерекшелігі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар үш тілді білім беруді жүзеге асыруда жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытудың тілдік ерекшеліктері бойынша өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинарға-практикумға Қарасай, Кербұлақ, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарынан 105 ЖМЦ мұғалімдері қатысты.