ЖМЦ пәндерін оқытудағы тиімді әдістер
Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қарасай ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» базасында ағымдағы жылдың 7 ақпан күні «ЖМЦ пәндерін оқытудағы тиімді әдістер» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар үш тілді білім беруді жүзеге асруда жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытуда педагогтарға тиімді әдістерді ұсыну, өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинарға-практикумға Қарасай, Кербұлақ, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандарынан 95 мұғалім қатысты.