A - Размер шрифта A +

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудегі денсаулық сақтау технологиясының тиімділігі

«Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының» ұйымдастырумен 2019 жылдың 6 ақпанында «Инновациялық қозғалыс» жобасын іске асыру мақсатында Талдықорған қаласы Құрама үлгідегі №2 ясли-бақшасы  базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудегі денсаулық сақтау технологиясының тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Аталған шарада І.Жансүгіров ат. Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Phd доктор С.Жакипбекова, «Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» маманы М.Сыдыкбекован қатысып, тіл кемістігі бар арнайы топ мамандары әдістемелік көмек көрсетті. Сонымен қатар, арнайы топтың мамандары педагогтармен шеберлік сынып жүргізді. Шараға 59 педагог қамтылды.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка