A - Размер шрифта A +

Инновация және заманауи технологиялар Халықаралық IMT-class»

Облыста пилоттық мектеп педагогтары мен білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін онлайн режимінде жетілдіру үшін  маңызы бар Швейцария колледжімен бірлескен«Инновация және заманауи технологиялар Халықаралық IMT-class» жобасы Талдықорған, Текелі қалалары мен Ескелді, Көксу,Қаратал аудандары және Талдықорған қаласындағы М.Арын атындағы №24 ДБАЛ енгізілді.  Аталған мектептің педагогтары мен оқушылары бірлескен команда болып, ағылшын тілінде әртүрлі бағытта жобалар құрастырады.  2019 жылдың 09 ақпанында Талдықорған қаласындағы  №25 ОМ базасында IMT class жобасымен   IMT College директоры Георгий Махвиладзе жобаға қатысушы 50 педагог, 250 оқушы мен ата-аналарға таныстырылым жұмыстарын жүргізді.  Іс шара барысында оқушылар мен пән мұғалімдеріне жобаға қатысушы сертификаттары берілді. Швейцария колледжінің ұйымдастыруымен өтетін оn–line режиміндегі вебинарлар жобаға қатысушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейінің көтерілуіне септігін тигізеді.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка