Кәмелетке толмағандар арасында жазатайым оқиғаларды алдын алу
«Болашаққа қадам» жобасы аясында Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 15 ақпанында Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы орта мектебі базасында педагог-психологтардың озық тәжірибиелерін тарату және сынып жетекшілермен кәсіби қызметтестікті нығайту мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында жазатайым оқиғаларды алдын алу»тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Аталған шараға Қапшағай қаласы, Кербұлақ, Балқаш, Іле аудандарының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,педагог-психологтары, сынып жетекшілері қатысты. Жалпы – 50 педагог қамтылды.