A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру бағдарламасы: мазмұн, ізденіс, тәжірибе

2019 жылы  15  ақпанда облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында модульдік-құзіреттілік тәсілдеме негізінде құзіретті мамандарды қалыптастыруда инженер-педагогтарға әдістемелік көмек беру мақсатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы:  мазмұн, ізденіс, тәжірибе» тақырыбында әдістемелік десант жұмысын өткізді. Іс-шарада  Шонжы политехникалық колледжінің    инженер-педагогтары «Аспаз», «Электр газымен дәнекерлеуші» мамандықтары бойынша ашық сабақ өткізіп, Жаркент гуманитарлық-техникалық, Шонжы политехникалық колледждерінің оқытушылары шебер-кластар арқылы тәжірибе бөліссе,  диалогтық алаң аясында «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренерлері құзіретті тәсілге негізделген  модульді оқытудың ерекшеліктерін  көрсетті. Әдістемелік десант жұмысына 40 инженер-педагог қатысты.

 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка