ШЖМ білім сапасын арттыру жолдары
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Әдістемелік кеңістік» жобасы аясында 2019 жылдың 22 ақпанында Ақсу ауданы, Е.Сиқымов атындағы орта мектебі базасында «ШЖМ білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында фасилитациялы сессия өтті. Мақсаты: мұғалімдерге тиімді әдістер мен тәсілдерді ұсыну арқылы білім сапасын арттыруға бағыттау, ой-пікірлерімен бөлісу. Аталған шараға ресурстық орталық пен магнитті мектептер мұғалімдері тартылды.