Желілік қауымдастық мұғалімге әдістемелік қолдау көрсетудің құралы ретінде
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Әдістемелік шеберхана» жобасы аясында 2019 жылдың 22 ақпанында Талдықорған қаласы №17 орта мектебі базасында «Желілік қауымдастық мұғалімге әдістемелік қолдау көрсетудің құралы ретінде» тақырыбында облыстық дискуссиялық алаң өтті. Мақсаты: жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған (1,2,3 деңгей) мұғалімдердің тәжірибесін желілік қауымдастық арқылы жетілдіру және педагогтарды әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу. Аталған шараға облыс бойыншажелілік қауымдастық жетекшілері тартылды.