Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың тиімді тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 15 ақпанында Іле ауданы, Боралдай кенті №40 орта мектебі базасында ағылшын тілі сабағында оқытудың тиімді тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру, педагогтарға кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Ағылшын тілі сабақтарында оқытудың тиімді тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Аталған шараға Қапшағай қаласы, Жамбыл, Балқаш, Қарасай, Іле, Талғар аудандырының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты. Жалпы – 87 педагог қамтылды.