A - Размер шрифта A +

Олимпиада есептерін шығару әдістемесі

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беру ұйымдары педагогтары арасында өтетін пән олимпиадасы (математика, информатика, химия, география пәндері) жұмысына дайындық жүргізу және олимпиада тапсырмаларын орындау мақсатында 2019 жылдың 1 наурызында Талдықорған қаласы №27 ОМГ базасында тәжірибелік алаң өткізді. Аталған шарада пән мұғалімдері тәжірибелік есептер, күрделілігі жоғары, қиындық туғызатын және стандартты емес есептерді шығарды. Тәжірибелік алаңында жоғарғы оқу орнының жаратылыстану кафедрасының оқытушылары, облыстық деңгейде өткен байқау жүлдегерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәжірибелік алаң жұмысына 91 педагог қатысты.

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка