Білім мазмұнын жаңартуда белсенді әдіс-тәсілдердің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 5 наурызында Талғар қаласындағы санаториялық үлгідегі орта мектеп-интернаты базасында мектеп-интернат педагогтарына арналған «Білім мазмұнын жаңартуда белсенді әдіс-тәсілдердің оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Пәндерді оқыту ерекшеліктерін айқындау, бағдарламаны іске асыруда тиімді жолдары ұсыну аясында әдістемелік көмек көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында педагогтар критериалды бағалау, сабақта қолданатын әдіс-тәсілдержәне өзге демәселелер талқыланып, педагогтарға әдістемелік сүйемелдеу, қолдау жүргізілді.Аталған шараға облыстық мектеп интернаттарынан 68 педагог қатысты.