A - Размер шрифта A +

Жаңартылған білім беру: тәжірибе және жаңа ұстанымдар

2019  жылы  6 наурызда  облыстық білім басқармасы мен білім беруді дамыту  оқу-әдістемелік орталығы  жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру аясында  техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерін кәсіби қолдау мақсатында «Жаңартылған білім беру: тәжірибе және жаңа ұстанымдар»  атты  облыстық семинар жұмысын  өткізді. Семинар жұмысына   250  адам қатысты. Семинар жұмысын білім басқармасы басшысының орынбасары Исағұлова Гүлсара Тастандықызы ашып,  басқарма  мамандары «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2018 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттері» туралыбаяндаса, техникалық кәсіптік білімдегі өзекті мәселелер  бойынша білім саласын  бақылау департаментінің, ARQA білім сапасын эксперттеу және аккредиттеу бойынша тәуелсіз агенттігінің мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын цифрландырудағы «Smart - колледж» жобасының авторы және Алматы экономикалық, Талдықорған сервис және технология колледж директорларының орынбасарлары  кеңінен ой бөлісті.

Бұдан әрі семинар өз бағытын  секция жұмыстары арқылы жалғастырды.

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка