ЖМЦ пәндерін оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Инновациялық қадам» жобасы аясында Панфилов ауданы «Абай атындағы орта мектебі» базасында 2019 жылдың 5 наурыз күні «ЖМЦ пәндерін оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар үш тілді білім беруді жүзеге асруда жаратылыстану-математикалық цикл пәндерін оқытуда педагогтарға тиімді әдістерді ұсыну, өзара тәжірибе алмасу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинарға-практикумға Панфилов, Кербұлақ, Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр аудандарынан 92 мұғалім қатысты.