A - Размер шрифта A +

Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында нәтижеге бағытталған басқару

«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру мақсатында  2019 жылы 14 наурызында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қапшағай қаласы, Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектеп базасында нәтижеге бағытталған басқаруда білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру бойынша жаңадан тағайындалған мектеп басшылары мен орынбасарларына кәсіби қолдау көрсету, әдістемелік сүйемелдеу мақсатында «Білім беру мазмұнының жаңарту жағдайында нәтижеге бағытталған басқару» тақырыбында тәжірибе тарату семинары өткізілді.  Аталған шараға Талдықорған, Текелі қалалары, Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарынан 40 мектеп директорлары мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. 

 

© 2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Разработка