Желілік қауымдастық педагогтың АКТ-құзыреттілігін дамыту ортасы ретінде
Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Әдістемелік шеберхана» жобасы аясында 2019 жылдың 15 наурызында облыстық білім берудегі ақпараттық технологиялар орталығы базасында «Желілік қауымдастық педагогтың АКТ-құзыреттілігін дамыту ортасы ретінде» тақырыбында облыстық он-лайн семинар өтті. Мақсаты: жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған (1,2,3 деңгей) мұғалімдердің тәжірибесін желілік қауымдастық арқылы жетілдіру және педагогтарды әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу. Аталған шараға әр аудан, қала бойынша білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жаңа жүйе бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдермен жұмыс жүргізетін әдіскерлер жәнежелілік қауымдастық жетекшілері тартылды.